№253 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Дүниежүзілік кітап күніне арналған «Бүгінгі сән - кітап оқу» тақырыбында отбасылық кітап оқу апталығының барысында «Мен және менің отбасым қандай кітап оқиды?» атты отбасылық оқу өткізілді.
Мақсаты: Жанұядағы жылулықты арттырып, кітап оқудың пайдасын ұғындыру. Отбасылық оқуды насихаттау, ата - ана мен баланың арасындағы байланысты нығайту, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Оқу мәдениетін қалыптастыру, отбасындағы рухани құндылықтарды дәріптеу.
Бұл - отбасы мүшелерін біріктіретін, кітап оқудың маңызын ұғындыратын іс - шара болып табылады. Шара барысында отбасылық оқуға Мұсабек Мүсілім 1 «а» сынып, , Белеш Мерей 2 «ә» сынып, Батихан Інжу 3 «а» сынып, Жұмаділда Ақжібек 1 «б» сынып, Дінмұхаммед Бибінұр 4 «б» сынып, Серікбай Дінмұхаммед 2 «а» сынып оқушылары қатысты. Оқушыларымыз отбасымен бірге оқу күнін өткізіп, ата - аналарымен бірге оқыған кітаптарын таныстырып, сол кітаптан сүйікті үзінділерін оқып, өз ойларымен фотосуреттер, видеороликтер арқылы бөлісті. Отбасы мүшелерімен бірге кітап оқу - олар үшін ерекше қуаныш пен ортақ естелік. Отбасында кітап оқу - ұрпақтың жарқын болашағының кепілі.
