Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп - лицейінде Қазақ білім академиясының академигі, Қазақстанда отандық инженерлік - педагогикалық білімнің негізін қалаушы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байзақ Момынбаев атындағы 7 - 8 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша дәстүрлі қалалық олимпиада өтті.
Олимпиадаға қала мектептерінен 7 - сынып бойынша 54 оқушы, 8 - сынып бойынша 53 оқушы қатысты. Өткізудегі мақсат оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ғылымға деген қызығушылығын арттыру, жастар арасында ғылым мен білімді насихаттау.
Жүлделі орынға ие болған оқушыларды Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ мектеп - лицей директоры құттықтап марапаттады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 7 - сынып арасында жүлделі I орын №136 мектеп - лицейінің оқушысы Құрманғазыұлы Нұрқожа, II орын №264 мектеп - лицейінің оқушысы Рүстем Мерей, II орын №7 мектеп - лицейінің оқушысы Досмурзаев Дәулет, III орын №9 мектеп - гимназиясының оқушысы Үмбетов Руслан, III орын №253 орта мектебінің оқушысы Сахи Әнипа, III орын №1 мектеп - гимназиясының оқушысы Жұмашев Аслан иеленді.
№285 мектеп - лицейінің оқушысы Әбубәкір Айжан, №144 орта мектебінің оқушысы Мақсұт Нұржан, Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ мектеп - лицейінің оқушысы Шаманова Айжания арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
8 - сынып бойынша жүлделі I орын №136 мектеп - лицейінің оқушысы Жайлаубай Нұрбек, II орын №285 мектеп - лицейінің оқушысы Жанайдаров Айқын, II орын №144 орта мектебінің оқушысы Өмірғали Нұрдаулет, III орын №187 ІТ мектеп - лицейінің оқушысы Мұхамеджанова Айасыл, III орын № 222 орта мектебінің оқушысы Қуанышбай Таңшолпан, III орын Б. Момынбаев атындағы № 278 ІТ мектеп - лицейінің оқушысы Нұғыман Асқар иеленді.
№3 ІТ мектеп - лицейінің оқушысы Сәлімов Илияс, №23 мектеп - лицейінің оқушысы Асқарбек Дәулет, №12 ІТ мектеп - лицейінің оқушысы Алпысбай Шахислам қалалық білім бөлімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталып, «Б.Момынбаев» қорынан бағалы сыйлықтарға ие болды.