Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "№253 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "№253 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Тарихы мол тағылымды білім ордасы

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
Халық даналығы

Елбасының «XXI ғасыр білекке сенетін заман емес, білімге сенетін заман. Білім революциясының жаңа кезеңіне батыл қадам жасау керек» деген тұжырымында жарқын болашағымыздың келбетін білікті де білімді ұрпақпен елестететіні айдан анық. Бойында қажыры мен қайраты, ойында сарқылмас ақылы мен білімі бар ұрпақтың алмайтын қамалы болмас.

Мектептің өткен жолын, артқарған тірлігін сөз еткенде мақтан тұтып, жария етуге тұрарлық.
Биыл орта мектептің ашылып, ұрпақ тәрбиелей бастағанына 48 жыл. Тарих беттерін парақтасақ, мектепті әр жылдары басқарған талай ұстаздардың есімдерін атауға болады. Оны алғаш рет 1976-1977 жылдары Н. Сүлейменов басқарған, ол оқу-тәрбие жұмысының қалыптасуына көп еңбек сіңірді. 1977-1988 жылдары А. Қожаназарова ұстазымыз басқарды. 1988-1993 жылдары С. Жұматаев басшылық етті, ал 1993-1995 жылдары И. Сатаев басқарды.

1995-2015 жылдары Н. Сәдібекова басшылық жасады, кейін зейнетке шықты. 2015-2017 жылдары Б. Маштаева, ал 2017-2024 жылдары З. Мырзаханұлы басқарды.

2024 жылдың қараша айынан бастап Қ. С. Тулеуова мектепті басқарады.